Икриманың уәдесі және Біз
Икриманың уәдесі және Біз

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған құшағын жаймағанда... Жүзіне күлімсіреп қарамағанда... Кешірімін бермегенде... Дәл қазір ол кісі жайлы жиіркенішті сөздер айтып, ашулы сөйлемдер жазар едік. «Әбу Жәһилдің ұлы Икрима» деп ызамен айтар едік. Бірақ, бүгін біз ол кісі туралы сыр шерткенде әкесінің атымен емес, «хазіреті Икрима» деп еске аламыз... Алла Икримаға разы болсын!

Бұл оқиға қалай болды? Әбу Жәһилдің ұлы - Икрима қалайша сахабаға айналды? Қандай оқиғадан соң мұсылмандардың ардақты тұлғаларының қатарына қосылды?

Жасамаған жамандығы жоқ... Барлық зұлымдықтарда ең алдыңғы қатарда... Ол исламға қарсы қандай да бір іс жасалса, ең көп еңбек ететін. Мұхаммедке жаман сөз айтылса, ең ауыр сөзді айтып, ең қатты дауыс көтеретін. Егер тас лақтырса, ең үлкенін лақтыратын. Оның жасаған жамандықтары әкесі Әбу Жәһилдікінен асып кетпесе, кем түспейтін... Осындай Икрима қалайша пайғамбар досына айналды?!

Меккенің алынған жыл... Халық топ-тобымен келіп исламды қабылдауда... Алайда, арасында Икрима жоқ. Ол исламнан, иман, Құран нұрынан қашқан еді. Мұсылмандарға жасаған зұлымдығы үшін оған өлім жазасы кесілген болатын.

Икриманың жұбайы Үммі Хаким болса, исламды қабылдаған. Жарына деген шынайы махаббат иесі Үммі Хаким... Көз алдында күйеуі Икриманың күпірлікте кеткенін қаламайды. Сүйсең, Үммі Хаким секілді сүй. «Сенсіз жәннаттың өзі тар», «сенсіз өмірімде қызық жоқ», «сенсіз өмір бір күн өмір сүре алмаймын» деп, сөздің майын тамызатындар сол сүйіктісі теріс жолға түскенде, күнәлі іске аяқ басқанда, оны ұстап, теріс жолдан бұрмаса, күнәлі істен тыймаса, әлгі айтылған сөздер – бос сөз, ысырап.  Үммі Хаким... Жарын шынымен сүйген. Сол себепті пайғамбарымыздың алдына келіп, өтінішін айтады:

- Уа Расулалла, мен оны ұстасам, сенің алдыңа әкелсем, кешіресің бе?!

Кешірмеуі мүмкін бе? Әрине кешіреді! Кешірді де... Жауап белгілі еді:

- Кешіремін, оны маған ертіп әкелсең болғаны.

Бұл сөзді естіген Үммі Хаким анамыздың қуанышында шек жоқ! Бірден күйеуінің ізіне түседі. Сахарада бір әйел күйеуін іздеп келеді. Ол заманда әйел баласының шөл даланы жалғыз кезуі - нағыз қаһармандық. Жол торуылдаған қарақшылар, жыртқыш аңдар, ми қайнатар ыстық, шөл... Үммі Хаким мұның бәрін Икриманың мәңгілік бақыты үшін жасайды. Себебі ол Икриманы шынымен сүйген болатын.

Ақыры ол Икриманы теңіз жағасында, кемеге мініп, қашпақ боп жатқан жерінен ұстайды.

- Тоқта! Кетпе! Менімен қал! Баратын жерің жамандық, баратын жерің от, баратын жерің өрт! Менімен жүр, тыныштықта, есендікте боласың! Мұхаммед сені кешіреді.

- Қалай кешіреді, қалайша кешірмек?!

- Егер сен оның хақ пайғамбар екенін мойындап, оған иман етсең, ол сені кешіреді!

- Мен оның пайғамбар екенін қабыл етпеу үшін қашып жүрмін-ғой!?

Икриманың жүрегіндегі күпірлік пен Үммі Хакимнің жүрегіндегі махаббат таласқа түседі. Ақыры махаббат жеңеді. Үммі Хаким Икриманы пайғамбар құзырына әкеледі. Жол бойы Икриманың бойында еш үрей болмайды. Себебі ол Мұхаммедтің кешірімшіл екенін жақсы білетін. «Мұхаммед» сөзін «Әмин» деп түсінетін, яғни сенімді деп білетін. Бірақ кейде қорқып кететін кездері де болатын. Алдынан Омар яки Халид ибн Уәлид секілді қатал біреу шығып қалса ше? Оның мұсылмандарға көрсетпеген қорлығы, жасамаған зұлымдығы қалмаған еді...

Жалғасы: мына жерде

ОразайОразай
1 год назад 507
2 комментария
О блоге
0
2074 9 24 2 18